Repository of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan
Not a member yet
1670 research outputs found
Sort by
ДСҰ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Зерттеу мақсаты – ДСҰ жүйесіндегі Қазақстанның проблемаларын зерттеу мен еліміздің осы халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынасы негізінде пайда болатын жаңа мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.
Магистрлік жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстанның ДСҰ-ға кіру тарихын, Қазақстанның ДСҰ-дағы қызметін, сондай-ақ ұйымға мүше болу шеңберіндегі проблемаларды қарастыру мен Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеудің тұтас зерттелуінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
Зерттеудің мақсаты – әкімдердің тікелей сайлау жүйесін жетілдіру
бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- ауыл әкімдерінің сайлау жүйесін жетілдіру мақсатында, оның ішінде
тәжірибе барысында сайлау үдерістеріндегі кемшіліктер мен олқылықтарды
анықтай отырып, ұтымды ұсыныстар әзірленді;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымы
мен сайлау механизмін толықтай зерттей отырып, әкімдердің сайлау жүйесінің
күшті және әлсіз жақтарын ескере отырып SWOT-талдау жүргізілді
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Жобаның мақсаты- мемлекеттік саясаттың жаңа парадигмасын
қалыптастыруда халықаралық тәжірибе мен ағымдағы жағдайды зерделей
отырып, білім беру ұйымдарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар
әзірлеу.
Ғылыми жаңалығы. Мемлекеттік саясатта білім беру жүйесін басқару
стратегиясының мазмұнын ашу және оны жүзеге асыру барысында кадрлық
саясатты жетілдіру арқылы ауыл мектептерінің көрсеткіштерін қала
мектептерімен теңестіру
Soft Power as Small States’ Foreign Policy Strategy: Cases of Singapore and Qatar
Soft power being a concept that has gained more significance throughout the years is used in numerous ways in the foreign policy strategies of countries to promote a positive image in international relations. This article analyzes the concept of soft power and its relevance in international relations by explaining how two of the small states, Singapore and Qatar, uses soft power in their foreign policy. Two of the similar fields in which the soft power strategy is used in both Singapore and Qatar which are business and education field will be explained in more detail. This study will also give more clarification on the effectiveness of soft power in small states foreign policy strategy and how the resources available in a country are used as soft powe
Орталық Азиядағы қазіргі заманғы қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары
Мақалада Орталық Азия аймағы қауіпсіздік жүйесіне талдау жасалған. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында жасалып жатқан іс-әрекеттер мен тұжырымдамалық пайымдар сарапталып, аймақта ортақ қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу барысы қарастырылады. Автор өз зерттеу жұмысында аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуде ұстанатын қағидаттарын талдай келе, ортақ ұстанымға бастар мүдделерді айқындауға тырысқан. Орталық Азиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға әсер ететін сыртқы факторлардың бірегейі «ауған факторы» да кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар, посткеңестік кеңістікте орын алып жатқан геосаяси күрделі құбылыстар мен шиеленістердің аймақ елдерінің жекелеген қауіпсіздіктері мен жалпы өңірлік қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу үдерісіне тигізіп отырған әсерлері де талданған
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Мақалада елдің мемлекеттік саясатын іске асыруда әлеуметтік бақылауды қолдану ерекшеліктері
қарастырылған. Ғалымдардың еңбектерінде мемлекеттік саясатты іске асырудағы әлеуметтік бақылау
әсерінің әртүрлі жақтары зерттелген: әртүрлі қоғамдардың атынан қызмет ететін әлеуметтік бақылау
органдарының көптүрлілігі; субъектінің әлеуметтік бақылау объектісіне мақсатты басқарушылық әсері;
азаматтардың мемлекеттік институттарға әсер етудің пәрменді құралы ретіндегі рөлі; цифрлық
кеңістіктегі әлеуметтік бақылау мәселелері; азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіне қатысу
рәсімдері мен технологиялары; азамат пен мемлекет арасында делдалдық институттар құру. Мақала
авторлары Қазақстанның қоғамдық парасаттылық және әлеуметтік прогресс индекстеріндегі рөлі мен
орнын анықтаған. Талдау барысында цифрлық технологияларды енгізуге оң әсер еткен әлеуметтік
бақылаудың негізгі нысандары мен әдістері жинақталған. Мақалада мемлекеттік саясатты іске асырудағы
әлеуметтік бақылаудың рөлін күшейту үшін ұсыныстар берілген: мемлекеттік органдардың қызметіне
әлеуметтік (қоғамдық) бақылау субъектілерінің тиімділігін айқындау әдістемесін әзірлеу; интернетте
қоғамдық кеңестердің ақпараттарды беру тәртібін біріздендіру және жүйелеу; ақпаратқа қол жеткізуді
жақсарту және саясат мәселелері бойынша қоғамдық кеңестерді қамтамасыз ету; қағидаттарды, ұзақ
мерзімді және орта мерзімді міндеттерді баяндай отырып, кешенді мемлекеттік стратегияны әзірлеу
Применение динамического норматива для оценки и построения сценариев экономического развития региона
В статье рассматривается подход к прогнозированию трендов развития региона на основе метода динамического норматива, который позволяет оценивать, планировать и прогнозировать результаты его экономического развития. Цель работы состояла в том, чтобы понять насколько метод динамического норматива применим при построении сценариев будущего, оценки и анализа хозяйственной сферы регионов. Исследование проведено на основе статистических данных по экономическому развитию регионов Казахстана за период с 2017 по 2021 годы. В исследовании применялись следующие методы: аналитический, такие общенаучные методы как, дедуктивный и индуктивный методы, методы расчета ранговой статистики, метод динамического норматива.
Предложенный подход позволяет количественно оценить темпы роста и развития региональных систем и сделать оценки достижимости поставленных целей. В свою очередь, понимание текущего уровня развития той или иной системы внутри региона позволяет осуществлять построение сценариев будущего развития системы и ее элементов. Все расчеты проводятся путем сравнения эталонного ряда данных и фактически сложившегося. Проведенное исследование показало, что в регионах страны наблюдается довольно нестабильная обстановка в области экономики, а значит имеет место риск усиления социальной уязвимости, что может повлечь за собой ряд негативных
явлений, причем в масштабах всей станы. В качестве продолжения представленного исследования предполагается рассчитать динамические нормативы для характеристики экологического и социального развития региона
Қазақстанныңазық-түлік қауіпсіздігін арттыру перспективалары
Мақсаты: Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің заманауи жағдайы зерттеудің негізі ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда зерттеу тақырыбының өзектілігі маңыздыболғандықтан, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың мүмкін болатын варианттарын анықтау мен оныңмоделін әзірлеу осы мақаланың мақ-саты.Әдісі: Талдау әдісі—қолжетімділік, азық-түлік бағасын реттеу, өмір сүру сапасын жақсарту және т.б. са-ласында Қазақстанның азық-түлік дамуының талдауы жүргізілді. Өткен кезеңге және азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі туралы қорытындылар жасалатын статистикалық әдіс. Модельдеу әдісі азық-түлік қауіпсіздігі моделі-нің қалыптасуына ықпал етті.Қорытынды: Кезкелген мемлекеттіңазық-түлікқауіпсіздігі қорғалған деп сол елдегі халықтың өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етілген жағдайда ғана айтуға болады. Кешенді және жүйелі тәсілдерді ескере отырып экономикалық, әлеуеметтік және экологиялық аспектілерге мән берген жөн. Зерттеу нәтижелері ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі моделінде көрсетілген.Тұжырымдама: Зерттеу барысында қол жеткізілгеннегізгі ғылыми ережелер Қазақстанда азық-түлік қа-уіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді саясатын дайындау және оны іске асыру үшін ақпараттық-талдамалық ма-териал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Табиғи және еңбек ресурстары мемлекетке азық түлік бойынша өзін өзі қамтамасыз ететін ел болуға мүмкіндік береді.Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кеңестің құрылуы мен қызметі қазіргі кезде орын алып отырған барлық мәселелерді шешуге тиіс
THE CREATION OF PUBLIC VALUE IN THE PROCESS OF THE DIGITAL TRANSFORMATION OF PUBLIC ADMINISTRATION IN KAZAKHSTAN
This paper explores the concept of public value in the context of digital transformation in Kazakhstan’s public administration. It investigates the creation of public
value and assesses the outcomes of government digitalization efforts. The study employs a
qualitative research methodology, including citizen questionnaires and the analysis of relevant documents. The aim is to not only understand public value creation but also identify
the specific dimensions of value in Kazakhstan’s case, filling a gap in the empirical research
on public value in Central Asian countries’ digital transformation initiatives
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ «АДАМҒА БАҒДАРЛАНҒАН» МОДЕЛІ ТҰРҒЫСЫНАН ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Бұл мақалада «адамға бағдарланған» мемлекеттік басқару доктринасы
мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын өзін-өзі реттеудің негізі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік шиеленіс пен проблемалық аймақтардың болуы тұрғысынан ойлау формасы
ретінде институционалдық жады мемлекеттік қызметшілер мен біртұтас қоғам азаматтарының
әлеуметтік мінез-құлқын реттеуші бола алады. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі
ережелері атап өтілді, оның негізгі қағидаттары арасында «Тыңдаушы мемлекет қағидасы»
бар